• «Қарағанды қаласы білім бөлімі КММ» « № 2 оқушылар сарайының» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне...
    60
    «Қарағанды қаласы білім бөлімі КММ» « № 2 оқушылар сарайының» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:

    № Бос лауазым атауы Сағат жүктемесі Тұрақты/уақытша орын Жалақысы
    1 дене шынықтыру (дойбы ойыны) 1 бірлік Тұрақты 129254 – 252182 тг.

    Құжаттарды қабылдау уақыты: 05.11.2026 – 12.11.2026
  • «Педагог шеберлігі және цифрлық инновациялар» әдістемелік сағат Бүгін 2026 жылғы 30 қазанда «№2...
    4210
    «Педагог шеберлігі және цифрлық инновациялар» әдістемелік сағат

    Бүгін 2026 жылғы 30 қазанда «№2 оқушылар сарайында» педагогтерге арналған сарайішілік әдістемелік сағат өтті. Кездесудің басты тақырыбы: педагог тәжірибесі мен цифрлық мүмкіндіктердің үйлесімі.

    Сарайымыздың педагогтері өз тәжірибесімен бөлісті:

    📌 Кожахметова Акгуль Куанышевна – «Құжаттан нәтижеге: педагог жұмысының жүйесі»
    📌 Рахмонова Лимара Давлатовна – «Сабақты жандандыратын белсенді әдіс-тәсілдер: теориядан практикаға»
    📌 Дуйсенова Айнур Джамбуловна, Рахимжанова Гульмира Қыдырбаевна – “Қосымша білім беруде ТРИЗ технологиясын қолдану”
    📌 Сатымбаева Гульжан Амангельдиновна – «Педагог + ИИ: новая формула профессионального успеха»
    📌 Ахметова Эльмира Пазылбековна – «Искусственный интеллект на уроках изобразительного искусства: помощник современного педагога»
    📌 Белоног Оксана Сергеевна – “От смелой идеи до вау-эффекта: как создать мероприятие, которое невозможно забыть”
    📌 Нурпеисов Адильжан Кабыкешович – шахмат: «Шахматы как модель жизни: от деревянных фигур к искусственному интеллекту»
  • 2026 жылғы 28 қазанда Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылған...
    384
    2026 жылғы 28 қазанда Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылған «ТанымFest – 2026» мүмкіндіктер фестивалі күзгі мектеп демалысы кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық, зияткерлік, тілдік, ғылыми-техникалық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған кешенді іс-шара ретінде өткізілді.
    Фестиваль барысында оқушылар Оқушылар сарайының түрлі бағыттардағы үйірме жұмыстарымен танысып, практикалық сабақтарға, танымдық ойындарға, шығармашылық және спорттық тапсырмаларға белсенді қатысты.
    Іс-шараның мазмұны балалардың жеке қабілеттерін анықтауға, олардың қызығушылықтарын қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға бағытталды.
    Сонымен қатар фестиваль аясында педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасалып, авторлық әдістемелер мен заманауи ойын технологияларын тарату жұмыстары жүзеге асырылды.
    «ТанымFest – 2026» фестивалі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәжірибелік іс-әрекет арқылы дәріптеуге, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық мәдени мұраға құрметін арттыруға және жаңашылдыққа ұмтылысын қолдауға ықпал етті.
    Аталған іс-шара №2 оқушылар сарайының қосымша білім беру мүмкіндіктерін таныстыруға, мектеп оқушыларын үйірме жұмыстарына тартуға және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды.
    @rumcdo_official
    @obb_qaragandy
    @umckrg
    @edu_krg
    @goroo_krg
    #ҚОББтәрбие
    #таланттыбалалар
    #РУМЦДОМОНРК
    #социальнопедагогическоенаправление
    әлеуметтікпедагогикалықба
    #ТазаҚазақстан_23_10_2026